Таиландта мектептер қайта ашылып жатыр

Таиланд астанасы Бангкок пен тағы 3 провинцияда карантиндік шектеу шаралары жеңілдей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша аймақтағы мектептер қайта ашылып, оқушылар партаға оралып жатыр. Балалар білім алу мекемесіне міндетті түрде маскамен келуі керек. Мектепке кірер алдында әр баланың дене қызуы тексеріледі. Ғимарат ішінде де әлеуметтік ара қашықтық пен жеке бас гигиенасына талап қатаң.

Естеріңізге салайық, Таиландтағы мектептер жаңа жылдан бері жабық еді. Аймақтағы мейрамханалар мен сауда орындары кешкі сағат 21.00-ға дейін жұмыс істейді. Өткен тәулікте елде 900-ге жуық адам қауіпті инфекция жұқтырған. Пандемия басталғалы 18 мыңнан астам адам ковидке шалдықты.