Мадридте кейбір карантиндік шектеулер алынады

Испанияда індеттің өршіп тұрғанына қарамастан Мадрид аймағында кейбір карантиндік шектеулер алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі үкіметтің жаңа қаулысы жақын күндері жүзеге асуы тиіс. Жергілікті билік шешімді туризм және мейрамхана кәсіпкерлерімен жолығып, жағдайды талқылағаннан кейін қабылдады. Басқосудың нәтижесі бизнес өкілдерін қанағаттандырған секілді. Себебі алдағы аптада мейрамхана мен дәмхананың сыртқы алаңында ауқаттанушылар қатарын арттыру көзделіп отыр. Екінші бір сөзбен айтқанда келушілердің санын артттыруға рұқсат алды. Бірақ тамақтану орындарында бетперде тағу міндеттеледі. Ал коменданттық сағат уақыты қысқарады. Мадридте вирусты жұқтыру дерегі өзге өңірлерге қарағанда жоғары. Билік індетпен күресте вакцинаға көп үміт артып отыр. Тестілеуді күшейтуге ниетті. Енді ПТР-тестті дәріхана мен тіс емханаларында да тапсыруға болады.

Розалия Гозало, Мадрид Дәріхана мамандары мектептерінің ресми өкілі:

– Бұл жерлерде вирусқа қарсы тест тегін жүргізілетін болады. Шара індеттің таралуын бәсеңдетіп, халықты дерттен қорғауды күшейту үшін қолға алынған.

Сондай-ақ...