Еуроодақта вакцинаның жеткізілуі қатаң бақыланады

Еуропаның аурулардың алдын алу және бақылау орталығы Еуроодақ елдеріне вакцинаның жеткізілуін қадағалау үшін арнайы жүйені іске қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені екпе тасымалдануына қатысты жанжал туындаған. Бүгінде одаққа мүше мемлекеттер коронавирусқа қарсы препараттың 8 миллион дозасымен қамтамасыз етілген. Жеткізу жұмыстарына қатысты қиындықтар салдарынан көп елде екпе халықтың небәрі 2-3%-і ғана салынған екен. Еуроодақта бұл көрсеткіш бойынша Ирландия алда келеді.

Стефан де Кеерсмакер, Еурокомиссияның ресми өкілі:

- Бұған дейін айтылғандай, AstraZeneca Еуроодақ елдеріне вакцинаның 40 миллион дозасын жеткізуге уәде берді. Бұл уағдаласқан мөлшерден 9 миллионға көп. Ақпанның ортасына таман Pfizer және BioNTech компаниялары да жеткізу жұмыстарын қалпына келтіреміз деп отыр.

Сондай-ақ...