Аргентинаның Рио-Негро провинциясында орман өрті өршіп тұр

Аргентинаның Рио-Негро провинциясында орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан бір адам жарақат алды. Тағы бірнеше тұрғын өзге аумаққа көшірілді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, тілсіз жау Чилимен шекаралас аумақтағы 10 мың гектар жерді тып-типыл еткен. Қызыл жалынмен күреске 150 маман жұмылдырылды. Өрт сөндіру жұмыстарына еріктілер де тартылып жатыр. Құтқарушылар таулы аймаққа жету қиынға соғып тұрғанын айтады. Күн райының қолайсыздығы да отты өшіруге кедергі болып тұр.

Сондай-ақ...