Карантиннен жалыққан еуропалықтар Дубайға ағылып жатыр

Коронавирусқа байланысты карантиннен жалыққан еуропалықтар Дубайға ағылып жатыр. Өйткені олардың пікірінше, мұнда жұмыс істеп, емін-еркін демалуға болады. Солардың бірі британдық Зейн Скотленд. Ол гольф жаттықтырушысы болып жұмыс істейді. Зейн отбасымен бірге Дубайға бір аптаға демалуға келген. Алайда ойлана келіп Ұлыбританияда шектеу шаралары жеңілдетілмейінше әзірге үйіне қайтпауды ұйғарған. Өйткені баласының сабағы онлайн өтеді. Оның үстіне ер адам мұнда гольфтен қосымша сабақ беріп, ақша тауып жүрген көрінеді.

Зейн Скотленд, гольф жаттықтырушысы:

- Дубайдағы демалысын ұзартқан біздің отбасымыз ғана емес. Ондайлар көп. Өйткені мұнда басқа елдердегідей емес, көп нәрсеге рұқсат беріледі.

Десе де бұл Дубайда шектеу шаралары жоқ деген сөз емес. Мәселен, мұнда қоғамдық жерде бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек. Тамақтану орындарында келушілер саны шектелген. Ойын-сауық шараларына да тыйым салынған. Жалпы қазір әлемнің өзге әлдері мен өңірлері шетелдіктерді қабылдауға дайындалып жатыр. Мәселен, Румыния вакцина алған шетелдік туристер үшін шектеулерді алып тастаған. Кипр билігі де наурызда екпе салдырған барлық демалушыларды қабылдаймыз деп отыр.

Сондай-ақ...