Франция әуежайына қонған ұшақ өртеніп кетті

Франциядағы Париж-Ле Бурже әуежайына Embraer Phenom 100 ұшағы апатты жағдайда қонды.

Ұшақ шассиі ашылмай қалған. Ол жерге қонғаннан кейін өртеніп кетті, деп хабарлады Le Figaro.

Әуе кемесі Венециядан ұшып келген. Бортта ұшқыш пен үш жолаушы болған. Олар жеңіл жарақат алып, ауруханаға түсті.

Апатқа байланысты тергеу басталды.