Иранда коронавирусқа қарсы вакциналау басталды

Ресейлік екпе бірінші кезекте медицина қызметкерлеріне салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Парсы елі «Спутник V»-дің 10 мың дозасын алдырған болатын. Тағы 1 миллион 700 мың доза жеткізілуі тиіс. Иран 20 наурызға дейін 1 миллион 300 мың тұрғынға егпе салуды жоспарлап отыр. Ресми Тегеран AstraZeneca-ның 4 миллионан астам дозасына тапсырыс берген. Иранның өзінде де 3 вакцина әзірленіп жатыр. Қазір сынақтың бірінші кезеңі жүргізілуде.

Саид Намаки, Иранның денсаулық сақтау министрі:

- Отандық вакциналарымызды дайын қылуға әлі көктемге дейін уақыт керек. Індет басталғалы шекарамыз жабылды, ең ауыр санкциялар салынды, осының кесірінен халқымыз зәру заттарға қол жеткізе алмай, ауыр кезеңді басынан кешіруде. Бірақ халықаралық деңгейдегі саяси және экономикалық қысымға қарамастан, Иран Ислам республикасы коронавирусқа қарсы ымырасыз күрес жүргізіп келеді.

Сондай-ақ...