Колумбияға Pfizer вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы жеткізілді

Бұл ел жақында вакциналау науқанын бастамақ. Биыл 35 миллион адамды егу жоспарлануда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында Венесуэладан жақсы өмір іздеп бас сауғалап келген мыңдаған босқын бар. Екпені қарсы алуға ел президенті Иван Дукенің өзі келді. Негізі Колумбия Латын Америкасындағы мемлекеттер арасында вакциналауды соңғылардың қатарында бастағалы отыр. Көршілес Эквадор мен Панама егу шараларын ертерек қолға алған. Тіпті Чили қазірдің өзінде 1 миллионнан астам тұрғынға вакцина салып үлгерген.

Иван Дуке, Колумбия президенті:

– Бірінші кезекте медицина қызметкерлерімен қатар жасы 60-тан асқан тұрғындарға екпе саламыз. Баптапқы мақсатымыз – халықтың 70 процентін вакциналау. Біз бір-бірімізге қолдау көрсетіп, алға ұмтылуымыз керек. Жаппай вакциналау еліміздің жеңісіне айналуы тиіс.

Вакцинаның алғашқы легін Жаңа Зеландия да алдырды. Бұл елге де Pfizer екпесі жеткізілді. 60 мың доза бірінші кезекте 20 ақпанда шекара қызметкерлеріне салынбақ. Қазір осы елдегі ең ірі Окленд қаласында 3 күндік карантин жарияланған. Бұған себеп - бір отбасының 3 мүшесі коронавирус жұқтырған.

Джасинда Ардерн, Жаңа Зеландия премьер-министрі:

– Жеткізілген доза коронавирусқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүрген қызметкерлерді егуге артығымен жетуі керек. Вакциналау бағдарламасын бастауға сәл уақыт керек. Екпенің сапасына көз жеткізіліп алуымыз қажет. Басымдық Окленд аймағында жұмыс істеп жүрген мамандарға беріледі.

Сондай-ақ...