Жапонияда халықты коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны басталды

Жұқпалы кеселге қарсы екпені алдымен 3,5 милионнан астам дәрігер мен жасы 65-тен асқан 36 миллиондай қарт адам алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін елдің әр аймағындағы ауруханаларда 40 мың дәрігерге вакцина салынбақ. Жалпы ауқымды шараны бірнеше кезеңмен жүзеге асыру жоспарланған. Осы мақсатта Pfizer, AstraZeneca және Moderna компанияларынан 314 миллион доза вакцина алу туралы келіскен. Шара бір жылға созылуы мүмкін.

Айта кетейік, 126 миллион халқы бар Жапонияда індет басталғалы 400 мыңнан аса адам вирусты жұқтырған.

Таро Коно, Жапонияның әкімшілік реформалар жөніндегі министрі:

- Біз халыққа вакцинаның тиімді әрі қауіпсіз екенін түсіндіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Сондықтан елде вакциналау кеш басталса да, жақсы өтеді деп үміттенеміз.

Сондай-ақ...