Иракта төтенше жағдай енгізілді

Ирак билігі бүгіннен бастап төтенше жағдай енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі елде коронавирус індеті өрши бастаған. Соңғы ресми мәлімет бойынша, 3896 адам коронавирусқа шалдыққан. Мамандар айтуынша, бұл әдеттегіден жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ соңғы күндері штамдар кеңінен таралуда. Төтенше жағдай тәртібі 2 аптаға жарияланды. Яғни кешкі сағат 8 бен таңғы 5 аралығында далада беталды жүруге болмайды. Көшеде полиция мен әскер үнемі кезекшілікте жүреді. Үкімет өкілдері ахуал жақсармаса, төтенше жағдай тағы ұзартылатынын жоққа шығармайды.

Лайт Мәжид, Бағдат тұрғыны:

– Коронавирусқа, оның ішінде жаңа штамға байланысты ел арасында үрейдің бары рас. Білуімше, жаңа мутация балаларға да жұғады. Бұл халықты одан сайын алаңдатып отыр. Себебі әр үйде кемінде бір немесе екі баладан бар. Сондықтан төтенше жағдайдың енгізілгені дұрыс шешім болды. Бірақ бұл шектеулер адамдардың табысына кері әсер етеді, күнкөріс қиындайды.

Сондай-ақ...