414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайдың «Тяньвэн-1» зонды Марстың тұрақ орбитасына шықты

  • 36
  • UPD: 10:25, 24.02.2021
Қытайдың «Тяньвэн-1» зонды Марстың тұрақ орбитасына шықты

«Тяньвэн-1» ҚХР-дің пилотсыз ғарыш аппараты Марстың тұрақ орбитасына шықты және жақын арада ғылыми зерттеулерді бастайды.

Мәліметтерге сәйкес аппарат алдағы үш айда перицентрде 280 км биіктіктен бастап планета бетінен 59 мың км биіктікке дейін орналасады.

Зонд мамыр-маусым айларында Утопия жазығының оңтүстік бөлігіне қонады деп күтілуде. Ғаламшардың осы бөлігінде жер асты сулары жер бетіне шығуы мүмкін деген болжам бар. Аппарат топырақты, ионосфераны және климатты зерттейтін болады.

Хабар 24 телеарнасы