Биыл пандемияға байланысты Коломбодағы пілдер шеруінде адам аз болды

Шри-Ланка астанасы Коломбо көшелеріне пілдер шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Әдемі әбзелді алып жануарлар және бишілер мен музыканттар дәстүрлі діни мерекеге қатысты. Жыл сайын өтетін пілдер шеруін көру үшін елге әдетте әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген турист келетін. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты биыл бұл шарада адам аз болды. Шри-Ланка тұрғындары ежелден пілге ерекше құрмет көрсетіп келеді. Ешбір мейрам олардың қатысуынсыз өтпейді.

Айта кету керек, осыған дейінгі фестивальдердің бірінде піл бірнеше адамды таптап кеткен болатын.