Әлемдегі 20 елге жиырма миллион доза вакцина жеткізілді

COVAX жобасы шеңберінде 20 елге 20 миллион доза вакцина жеткізілді. Келесі аптада тағы 31 мемлкетке 14 миллион доза жетуі тиіс.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлім етті. Бірақ халықаралық сарапшылар бұл кірісі орта және төмен елдердегі халықтың 3 процентін ғана вакциналауға жететінін айтады. Сондықтан ұйым әлем елдерінен вакцина шығаруды ұлғайтып, оны таратуға қатысты кез келген кедергіні алып тастауға шақырды.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

- Қазір біз вакцина шығаруды ұлғайту мен оның жылдамдығын арттыру мәселесінде біраз кедергілерге тап болдық. Әсіресе экспортқа шектеу және шикізат тапшылығы өзекті болып тұр. Мәселені шешу үшін вакцина шығарушы компаниялар мен өзге бірлестіктер арасындағы ынтымақтастықты арттыру қажет.

Сондай-ақ...