Синабунг жанартауынан ұшқан күл үш шақырым жерге дейін шашырады

Индонезияда Синабунг жанартауының белсенділігі артып барады. Одан шашыраған от пен күл 1000 метр биіктікке  көтеріліп, 3 шақырым жерге дейін жайылып жатыр. 

Табиғат апаты жақын маңда орналасқан  елді мекендерге қауіп төндіріп тұр. Билік өкілдері тұрғындарды жанартау маңына жақындамауға шақырады.

Абырой болғанда, табиғат апатынан адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ.  Айта кетейік, Синабунг жанартауының белсенділігі соңғы кездері 10 есеге арқан екен. Жалпы Индонезия жанартау қауіптілігі жоғары аймақтағы мемлекет. Мәселен, 127 құбылмалы жанартау дәл осы елдің аумағында орналасқан.