Бразилияда мыңдаған адам шектеулерге қарсы ереуілге шықты

Бразилияның халық ең көп шоғырланған қаласы Сан-Паулуда мыңдаған адам коронавирустық шектеулерге қарсы ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалада бүгіннен бастап ай соңына дейін түнгі коменданттық сағат енгізіледі. Сондай-ақ спорттық шаралар өткізуге рұқсат жоқ. Жағажайлар мен саябақтар жабылды. Бірақ бұған тұрғындар қарсы. Карантиннің қажеті жоқ деген жұрт Сан-Паулу штаты губернаторының отставкасын талап еткен. Бірақ билік өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделі екенін айтады. Өткен аптада бүкіл ел бойынша вирусты жарты миллионнан аса адам жұқтырған. Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең үлкен көрсеткіш. Әсіресе осы Сан-Паулудағы жағдай алаңдатарлық. Мұнда ауруханаларда ковид-науқастарды жатқызатын орын жетпей жатыр.

Гильерме Нелис, ереуіл қатысушысы:

– Билік коронавируспен күресте дұрыс саясат ұстанып отырған жоқ. Бізді қашықтан жұмыс істеуге көшіріп жатыр. Сонда бәрімізді үйде қамап қоймақшы ма? Жұмыс істеп, ақша табуымыз керек. Жағдайымыз онсыз да мәз емес.

Сондай-ақ...