Пхеньян Оңтүстік Кореядағы әскери оқу-жаттығуды сынады

Солтүстік Корея басшысының қарындасы Ким Ё Чжон Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың бірлескен әскери оқу-жаттығуын сынға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер тараптар мұндай шара өткізуін жалғастырса Оңтүстік Кореямен барлық әскери келісімнен шығып, бірлескен мекемелерді жоятынын айтты.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореяда наурыздың 8-інен бастап АҚШ күштерімен әскери оқу-жаттығу өтіп жатыр. Осыған байланысты Сеул Пхеньян шараға түсіністікпен қарар деп мәлімдеген еді. Бірақ Ким Ё Чжон Солтүстік Корея мұндай жаттығуға әрқашан қарсы шыққанын айтып, оны қатаң сынға алды.