Израиль Сирияның аумағын атқылады

Израиль әуе күштері Сирия астанасы маңындағы нысандарды тағы атқылады. Бұл туралы «САНА» ақпарат агенттігі хабарлады.

Шабуыл Израиль жаулап алған Голан жоталарынан жасалды. Бірақ жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Сирия әскерилері көп зымыранды атып түсіргенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Израиль Сирия аумағын жиі атқылайды. Шабуыл көбіне Сирия аумағында орналасқан ирандық жасақтарға бағытталады. Себебі Израиль Сирияда Иран ықпалының күшеюі елге қауіп төндіреді деп санайды. Және Сирия аумағы арқылы ливандық «Хезболла» қозғалысына қару-жарақ жеткізіліп отыр деп айыптайды.