Болгарияда жалған ақша шығарумен айналысқан баспахана әшкереленді

Болгария астанасында жалған ақша жасалып келген университет баспаханасы табылды.

Болгария полициясы қылмыскерлердің ізіне америкалық әріптестерінің көмегімен түскен. Сөйтіп, бірлескен арнайы операция барысында 2 күдікті мен ақша жасайтын машинаны қолға түсірген. Және ірі көлемде жалған доллар мен еуро тәркілеген. Олардың жалпы құны 8 миллион доллардан асады. Билік Софияда қолға түскен қылмыстық топ Украина мен Батыс Еуропадағы ірі жасырын жүйенің бір бөлігі болуы мүмкін деп отыр. Іске қатысты тергеу жүріп жатыр.