Индонезияда жойқын жер сілкінісі болды

Индонезияда жойқын зілзаладан 8 адам қаза тауып, тағы ондаған тұрғын жарақат алды.

«Ассошиэйтед Пресс» агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі Ява аралында болған. Ал АҚШ-тың Геологиялық қызметі залзаланың қуаты 6 балға жетті деп мәлімдеді. Табиғи апаттан жергілікті инфрақұрылымға зор зақым келді. 300-ден астам ғимарат қираған. Жер сілкінісі су астында болған, бірақ цунами қаупі жоқ. Десе де, билік тұрғындарға лай көшкіні жүру мүмкін, сақ болыңыздар деп ескертті.