427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ангела Меркель вакцина қабылдады

  • 153
  • UPD: 13:18, 17.04.2021
Ангела Меркель вакцина қабылдады

Германия канцлері Ангела Меркель ковид дертіне қарсы вакцинаның бірінші дозасын қабылдады.

66 жастағы саясаткерге AstraZeneсa компаниясының препараты егілді. Бұл дәрі Германияда 60 жастан асқан тұрғындарға салынады.

Естеріңізге салайық, елде екпе егу науқаны өткен жылдың соңында басталған. Бастапқыда вакцинаны созылмалы ауруы бар тұрғындар мен егде жастағы азаматтар қабылдады. Бүгінде Германиядағы вакциналау бір ізге қойылып, қарқын ала бастады. Жуырда бір күннің ішінде 740 мың адам егіліп, тәуліктік рекорд орнады. Жергілікті билік жазға қарай жаппай иммунизация науқанын бастамақ. Әзірге дәрінің бірінші дозасын 15 млн адам қабылдап үлгерсе, 5 млн тұрғын екі бірдей дозаны салдырды. Бұған қарамастан аймақтағы эпидемиологиялық ахуал әзірге көңіл көншітпей тұр. Науқастардың саны тағы арта бастағандықтан, Үкімет жаңа шектеу шараларын енгізбек ниетте.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Қазіргі жағдай өте күрделі. Індеттің үшінші толқыны ушығып тұр. Бұған барлығымыз да жауапкершілікпен қарауымыз керек. Науқастардың саны күн өткен сайын артып барады. Оған Роберт Кох атындағы университеттің есебі дәлел. Жансақтау бөлімдеріне түскен ауыртпашылыққа немқұрайлы қарай алмаймыз. Пандемияны жеңу үшін халықтың қозғалысына шектеу қоюымыз керек. Бұндай қадамға Франция, Ұлыбритания, Нидерланд мен Португалия елдері де барған. Сондықтан нәтижесі болатынына күмәнім жоқ.

Хабар 24 телеарнасы