Иранда індеттің таралуы қайта күшейді

Иранда карантинге қарамастан коронавирусты жұқтырғандар саны артып, өлім-жітім көбейді.

Бір күнде қауіпті кесел 24 мыңнан аса адамнан анықталып, дерттен 400 адам қайтыс болды. Жалпы Иранда қазір карантин. Кәсіпорындар, мектептер, театрлар, спорт нысандары жабық. Рамазан айында кез келген қоғамдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Дегенмен кей тұрғындар билік індеттің таралуын азайту үшін шектеу шараларын жеткілікті дәрежеде қабылдамады деп айыптап отыр.

БЛИЦ:

– Былтыр 15 күнге толық локдаун жарияланған болатын. Биыл да солай болғанда, қазір адамдар жұмыс орындарына оралып, жағдай өзегеше болар еді.

– Мемлекет тарапынан жабылып жатқан кәсіпорындарға қаржылай қолдау қажет. Үкімет шетелден вакцина алу мүмкіндігін де пайдаланбады. Мұның бәрі биліктің қателігі.

Сондай-ақ...