Аргентинада теңбілшерлер үйірі Ибера ұлттық паркіне жіберілді

Мына кадрлардан Джуруну есімді енесі мен Сасо және Сакуаа деп аталатын 2 күшіктің табиғи ортаға енді ғана бейімделіп жатқаны анық аңғаруға болады.

Мамандардың айтуынша, қазір олар жемтіктерін өз бетінше таба алады. Сондықтан табиғат аясына жіберілген. Осыдан 70 жыл бұрын бұл өңірде теңбілшерлер мүлде жойылып кеткен болатын. Кейін басқа аймақтан әкелініп, көбейе бастады. Жалпы Аргентина бойынша 300-дей теңбілшер бар. Олардың санының азаюына аңшылық пен адамдардың белсенді өмір әрекеті себеп болған.

Себастьян Ди Мартино, табиғатты қорғау қорының директоры:

– Теңбілшерлер біздің паркке жерсініп кетеді деп сенеміз. Бұл осы аумақтағы – басты жыртқыш. Ол Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы мысықтұқымдастар арасындағы ең ірі жануар. Теңбілшер жоқ болса, бұл экожүйе бұзыла бастайды.

Сондай-ақ...