Чехияда қайта өңделген бетоннан жасалған алғашқы үйлер пайда болды

Әлгі материал бастапқы құнына қарағанда арзан әрі қоршаған ортаға зияны аз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Блоктар ескі ғимараттардан шыққан ұсақ қиыршық тастардан жасалады. Басқаша айтқанда, жаңа материал қоқысқа шығарылатын құрылыс қалдықтарынан. Кей кездері қабырғалар берік әрі қызуға төзімді болу үшін ағаш жаңқалары пайдаланылады. Олармен Прага мен Карловы Вары қалаларында 30 үй салынған.

Чехияда қалдықсыз құрылыс жобасы 1995 жылы қолға алынған. Ескі материалдардан жаңа үйлер салу идеясын алғаш рет жергілікті экологтар ұсынды. Олардың мәліметінше, 90-шы жылдары ғимараттарды бұзғаннан шыққан қалдықтар елдегі барлық қоқыстың 50%-ін құраған. Сапалы бетон жасауға материал жетіспей, бастаманың маңыздылығы артқан. «Ал құрылыс қалдықтарынан жасалған материалдың беріктігі бетоннан еш кем емес» - дейді жоба авторлары. Олардан көпқабатты үйлер тұрғызуға болады екен. Құрылыс қоқысы мәселесін де шешеді.

Павол Ковалец, жоба инженері:

- Бетон жасау үшін электр энергиясы мен су көп кетеді. Әлемде жыл сайын ауаға көмірқышқыл газынның 5%-і осы өндіріс саласы шығарады. Бұған дейін кей елдерде қайта өңделген бетондарды жолдарды салуға қолданылатын. Бірақ үй салуға пайдаланылмаған. Келешекте жаңа құрылыс материалына сұраныс артатынына сенімдімін.

Қазір бір Праганың өзінде 13 миллион тоннна құрылыс материалы қажет. Олардың тек 10%-і қайта өңделеді. Жоба авторлары келесі жылы бұл көрсеткішті 100%-ке жеткізуе ниетті.

Боржек Гебре, жоба инженері:

- Жаңа құрылыс материалымен алғашқы үйлер былтыр салына бастады. Қазірге дейін 32 ғиамарт пайдалнуға берілді. Олардың барлығы коттедж типтес үйлер. Қазір Пльзен қаласында 9 қабатты үй тұрғызуды қарастырып жатырмыз. Бұл – әлемде қайта өңделген материалдан салынатын алғашқы көп қабатты үй болмақ.

Әрбір жобаны қала әкімдігі ішіндегі құрылыс бөлімдерінің инженерелері мұқият тексереді. Саясаткерлер Праганың орталығында бірінше дүкен салуды ұсынып отыр. Жоба авторларының айтуынша, осы материалдан салынған бір ғимарат бүтін бетоннан тұрғызылатын нысаннан 11 есе арзан. Бұл қала билігін қызықтырып отыр. Себебі Чехияда 2050 жылға қарай үй тұрғызу үшін миллиондаған тонна бетон қажет болады екен.

Авторлары: Александр Грэс, Дмитрий Лукша, Павол Невид