Израиль полициясы тарауих намазына жиналған палестиналықтарды күшпен таратты

Қақтығыстардан 30-дан астам адам жарақат алып, 12-сі ауруханаға түсті.

Бұдан басқа, бірнеше палестиналық қамауға алынған. Мұсылмандар ауызашардан кейін атақты Шхем қақпасының алдында тарауих намазын оқығысы келген. Бірақ еврей жастары кедергі келтіріп, араға Израиль полициясы араласқан. Олар қатты шу шығаратын гранаталар мен су атқылады. Бұған жауап ретінде палестиналықтар тас пен ұсақ жарылғыш заттар лақтырды.

Естеріңізге сала кетейік, Израиль ежелгі Құдыс қаласының шығысын 1967 жылы заңсыз басып алған.