Австралияда вирус жұққан жалғыз адамның кесірінен қалада карантин жарияланды

Австралияның Перт қаласында коронавирус жұқтырған бір адам үшін 3 күндік карантин жарияланды.

Шаһар орналасқан Батыс Австралия штатында бір жылдан аса індетке шалдығу оқиғасы тіркелмей келген. Биліктің қатаң шара қабылдауының себебі осы. 50 жастағы ер адам жергілікті қонақ үйлердің бірінде карантинде жатқан. Кейіннен Мельбурнға ұшып кеткен. Әуежайға қонған кезде коронавирусқа тапсырған тестінен вирус анықталған. Үшкүндік қатаң карантин жайлы естіген жұрт жаппай азық-түлік дүкендеріне ұмтылды. Салдарынан сауда орындарында ұзын-сонар кезек пайда болды.

Марк Макгован, Батыс Австралия штатының премьер-министрі:

-Тұрғындар қаладан ешқайда кете алмайды. Үйден шығудың өзіне де дәлеледі себептер керек. Мәселен, жұмысқа, ауруханаға не ең қажетті тауарлар сатып алу үшін дүкенге баруға болады. Сосын жақындарыңызға көмек көрсету мақсатында тысқа шыға аласыз. Қалған жағдайда үйде отыруларыңыз керек. Алдағы 3 күн жағдай осындай болмақ.