АҚШ-та вакцина салдырған адамдарға маска тақпауға рұқсат етілді

АҚШ-та енді коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар бетпердесіз жүре алады. Бұл туралы осы елдің президенті Джо Байден өзінің твиттердегі парақшасында мәлімдеді.

Бірақ адамдар көп шоғырланған жерде оны шешпеу талап етіледі.

Ал ресми дерекке сүйенсек, Құрама Штаттарда қазірге дейін халықтың 51 проценті вакцинаның 1-дозасын алған. Ал екінші дозаны салдырғандар қарасы 30 процентке жеткен.

Еске сала кетейік, әлемде коронавирусты ең көп жұқтырғандар мен қайтыс болғандар осы елде тіркелген. Індет таралғалы бұл елде 32 миллионнан астам адам вирусты жұқтырып, дерттен 573 мыңнан аса науқас көз жұмған.

Сондай-ақ...