Мальтада коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет пайда болды

Мальта Еуроодаққа кіретін 27 мемлекеттінің ішінен алғашқы болып коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетке қолжеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрінің хабарлауынша, туристер арасында танымал елде халықтың 70 проценті екпенің кемі бір дозасын алған. Вирусқа қарсы ұжымдық иммунитет тек қыркүйекте пайда болуы тиіс еді. Алайда вакциналау қарқыны күшейетіліп, бұл көрсеткішке 3 ай ертерек қолжеткізу мүмкін болды. Соның арқасында кейінгі тәулікте Жерорта теңізіндегі бұл аралдық мемлекетте коронавирусты жұқтырудың небәрі 2 оқиғасы ғана тіркеліпті. Нәтижесінде карантиндік шектеу шаралары жеңілдетіле бастады.