Еуроодақта 12-15 жас аралығындағы балаларға вакцина салуға рұқсат етілді

Дәрілік заттардың еуропалық агенттігі 12-15 жас аралығындағы балалар арасында коронавирусқа қарсы екпені қолдануға рұқсат берді.

Препаратты американдық Пфайзер және немістің Байонтек компаниялары жасап шығарған. Клиникалық сынақ жұмыстарына 2 мыңнан аса жеткіншек қатысыпты. Сөйтіп, вакцина 100 процент тиімділігін көрсеткен. Мамандар препараттың жанама әсерлері байқалғанын айтады. Алайда олар екпе салғанннан кейін бірнеше күннен соң жоғалып кеткен. Енді препаратты Еурокомисия бекітуі тиіс. Алайда Еуроодаққа мүше әр мемлекет оны қолдану немесе қолданбау жағын өз бетінше шешеді.

Марко Кавалери, Дәрілік заттардың еуропалық агенттігінің департамент басшысы:

- Клиникалық сынақтар кезінде алынған деректер 12-15 жас аралығындағы жеткіншектердің арасында вакцинаның тиімділігі жоғары екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы, екпе салдырған балалардың ешқайсысы коронавируспен ауырған жоқ.