Малайзияда қатаң локдаун жарияланды

Малайзияда 1 маусымнан бастап кәсіпорындардың көбі жұмысын уақытша тоқтатады. Өйткені 2 аптаға локдаун жарияланады.

Алдағы жарты ай ішінде тек стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар ғана жұмыс істейді. Өйткені бұған дейін мұнда тәулігіне 3 мыңдай адам вирус жұқтырған болса, қазір 8 мыңнан асып кетті. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Науқастардың көптігіне байланысты жансақтау бөліміндегі орындардың 90 проценті бос емес.

Негізі Малайзияда қатаң локдаун екінші рет жарияланып отыр. Алғашқысы былтыр наурызда енгізіліп, шамамен 2 айға созылған еді.