426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екатеринбург тұрғыны көшедегі адамдарды аңшы мылтығымен атқан

  • 104
  • UPD: 07:56, 31.05.2021
Екатеринбург тұрғыны көшедегі адамдарды аңшы мылтығымен атқан

Ресейдің Екатеринбург қаласында жергілікті азамат қаруланып, пәтерінен даладағы кісілерді ата бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 9 жасар қыз бен бір полицей жарақат алды. Дәрігерлер баланың ауыр халде жатқанын айтады. Ресми мәліметтерге қарағанда 48 жастағы тұрғын көшедегі адамдарды аңшы мылтығымен атқан. Оқиға орнына келген арнайы мақсаттағы жасақ күдіктіні ұстады. Оның мұндай әрекетке неге барғаны әзірге белгісіз. Бір анығы, ол көшедегі адамдарды атпас бұрын туыстарына өмірден әбден түңіліп, барлығын қырғысы келетіні туралы хабарлама жіберген екен.

Хабар 24 телеарнасы