Италиялықтар адам эмоциясын аңғаратын роботты жасап шығарды

Италиялықтар адамның эмоциясын сезетін және жауап беретін органоид ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, бұл робот әсіресе, аутизм және Альцгеймер ауруларына шалдыққан адамдар үшін пайдалы болмақ. Абель деп аталатын гуманоидқа 12 жастағы ұлдың бейнесі берілген. Бет-әлпеті, қолдары тура адамдыкіндей әсер қалдырады. Абельдің жасанды терісінің астына көлемі әртүрлі 20-дан астам пьезоэлектрлі қозғалтқыштар тартылған. Ол сөйлеушіні камералар, бинауралды микрофондар мен термосканерлер арқылы қабылдап, зерттейді.

Лоренцо Коминелли, зерттеуші:

- Бұл техника мамандары мен суретшілер бірлесе қолға алған бірегей жоба. Бұл құрал жасанды интеллектінің өнімі. Абельді жасау арқылы біз машина физикалық қана емес, сондай-ақ менталды және эмоциялық әсерді бере ала ма екенін зерттеп білгіміз келеді.