Қырғызстанда Әуе қорғаныс күштеріне тиесілі тікұшақ апат болды

Қырғызстанның Алай ауданында Әуе қорғаныс күштеріне тиесілі МИ-8 тікұшағы апат болды. Бұл 24.kg хабарлайды.

Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағы шекарадағы ауданға баруы керек болған. Алдын ала мәлімет бойынша, төрт адам зардап шеккен.

«Бортта 15 адам болған. Қазіргі уақытта зардап шеккен төрт адам табылды, оларға көмек көрсетілуде», – деп хабарлады редакция.