Жаңа Зеландияда 30 мыңға жуық медбике шеруге шықты

Жаңа Зеландияда 30 мыңға жуық медбике 8 сағаттық шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар еңбекақы көлемін көтеруді және жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп отыр. Осыған дейін билікпен болған келіссөз сәтсіз аяқталған.

Медбикелер айлықты 1,5%-ке арттыруды қалайды. Бірақ Жаңа Зеландияның Медбикелер бірлестігі бұдан бас тартқан. Жалпы барлық медицина қызметкерлері жалақыны 17%-ке көтеруді талап етіп отыр. Алайда елдің Денсаулық сақтау министрлігі «Бұл мүмкін емес» деп жауап берген. Жаппай наразылық шарасына байланысты барлық шұғыл емес операциялар мен емханалардағы емдеу шаралары тоқтап қалды.