Непалдың солтүстік-шығысында тасқын салдарынан жеті адам жоғалды

Непалдың солтүстік-шығысында 3 күн бойы толассыз жауған нөсер соңы алапат тасқынға ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғи апат салдарынан 3 адам көз жұмып, тағы жетеуі із-түзсіз жоғалып кеткен.

Елдің Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, құрбандар қатары өсуі мүмкін. Су шайып кеткен үйлердің нақты саны белгісіз. Билік қамалып қалған тұрғындарды тікұшақпен көшірген. Үкіметтің көмегі жетпегендер биіктеу жерлерге шығып алған. Үндістан аумағына дейін ағатын Нараяани өзені арнасынан тасудың аз-ақ алдында тұр. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, көршілес Бутанда да тасқыннан 10 адам ажал құшып, 5-уі жарақат алған.