Уганда ауруханаларында оттегі баллондары жетіспей жатыр

Африкадағы Уганда Республикасында эпидемиологиялық ахуал нашарлап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирусты жұқтырған науқастар саны күрт өсіп, ауруханаларда оттек баллондары жетіспей жүр. Осы аптаның басында Угандада коронавирустан елудей адам қайтыс болған. Бұл індет басталғалы ең жоғары көрсеткіш. Ел астанасы Кампала қаласында оттегі шығаратын зауыт алдында ауруханалардың көліктері сағаттап тұруға мәжбүр.

Джоанита Налванга, медбике:

- Осында келгенде баллоныңызды толтыру үшін ұзақ уақыт күту керек. Кейбір күндері 4 сағат тұрамыз.