Санкт-Петербург маңында Ми-8 әскери тікұшағы құлады

Санкт-Петербург маңында Ми-8 әскери тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздері бортта болған барлық 3 экипаж мүшесі қаза тапқанын хабарлайды. Әуе көлігі Ресейдің Ұлттық ұланына тиесілі екен. Оқу-жаттығуға шыққан тікұшақтың не себептен апатқа ұшырағаны тергеліп жатыр.