Колумбияда белгісіз біреулер президенттік тікұшақты атқылады

Колумбияда беймәлім біреулер президенттік тікұшақты атқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел президенті Иван Дуке мінген тік ұшақ Кукута қаласында қонған кезде оған 6 мәрте оқ атқан. Осы кезде президентпен бірге Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, департамент губернаторы мен Кукута қаласының мэрі болған. Ресми ақпаратқа сүйенсек, оқ ешкімге дарымаған. Жапа шеккендер жайында да мәлімет жоқ.