Индонезияда жолаушылар кемесі апатқа ұшырап, алты адам опат болды

Индонезияда 50-ден астам жолаушысы бар паром апатқа ұшырап, 6 адам опат болды.

Тағы 7 кісі із-түссіз жоғалып, іздестіріліп жатыр. 40-тан астам жолаушы құтқарылды. Оқиға осы елдің Бали аралына жақын маңда болды. Апатқа теңізде болған қатты толқын себеп. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ондаған адамды судан аман-есен шығарып алды. Кемеде 41 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған.