Бангладештегі локдаун: дүние жүзі киім-кешексіз қалуы мүмкін

Бангладеште коронавирус жұқтыру деректерінің күрт көбейіп кетуіне байланысты қатаң локдаун енгізілді.

Жаңа режимге сәйкес, елдегі мемлекеттік һәм жекеменшік кәсіпорындардың бәрі жабылған. Тұрғындардың себепсіз сыртқа шығуына рұқсат жоқ. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, тәртіпті бақылауға полицейлер мен шекарашылар тартылады. Қажет болса, бұл іске әскерилер де жұмылдырылмақ екен. Өз кезегінде ел астанасы Даккада еңбек ететін жұмысшылар жаңа шектеу шараларының енгізілуіне байланысты өз өңірлеріне қайтуға асық. Қазір вокзалдар мен порттарда ұзынсонар кезек. Кемеге отыра алмаған жолаушылар жолға жаяу шығып жатыр.

Сондай-ақ...