Virgin Orbit компаниясы зымыранды ұшаққа жегіп ұшырды

Британдық кәсіпкер Ричард Брэнсонның «Вёджин Орбит» компаниясы «Лончер Уан» зымыранын сәтті ұшырды. Оны көкке жетілдірілген «Боинг 747» ұшағы қанатына бекітіп алып шықты.

Зымыран ұшақ көкке көтерілген соң одан бөлініп, ғарышқа 7 жерсерікті жеткізді. Айта кетейік, бұл «Лончер Уан» зымыранының екінші мәрте ұшырылуы. Алғашқы талпыныс сәтсіз аяқталған еді.

SpaceX орбитаға тағы 88 жерсерікті жеткізді

АҚШ-та «Спейс Экс» компаниясы ғарышқа тағы бір топ жерсерігін шығарды. Бұл жолы «Фэлкон-9» зымыраны орбитаға 88 аппаратты алып шықты. Оның 85-і коммерциялық және мемлекттік мақсаттағы жер серігі болса, үшеуі «Старлинк» жүйесімен байланысты аппараттар. Ұшыру Флоридадағы ғарыш айлағынан жүзеге асырылды.