Қытайда IT-компанияларға қатысты тергеу басталды

Қытайда тағы екі IT-компанияға қатысты тергеу басталды. Бұл ең ірі жұмыс іздеу қосымшасын жасаушы және жүктерді онлайн жеткізу бойынша жұмыс істейтін компания.

Өткен айда бұлар АҚШ-та IPO өткізген. Киберкеңістік басқармасы жүргізген тергеу барысында олардың қызметті пайдаланушылардың жеке мәліметтеріне қол сұққаны анықталды. Елде технологиялық алыптарды қысымға алынуы жаңа емес. Бұған дейін Didi Travel қосымшасын интернет-дүкендерден жою талап етілген. Өйткені қызмет пайдаланушылардың жеке ақпаратын жинау кезінде заң бұзушылыққа жол берілген.