Джефф Безостың байлығы рекордтық деңгейге жетті

Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безостың байлығы 211 миллиард долларды құрап, рекордтық деңгейге жетті.

Бұған дейінгі рекорд 2021 жылы қаңтарда орнатылған – Tesla мен SpaceX компанияларының бас директоры Илон Масктың байлығы сол кезде 210 миллиард долларға бағаланған. Қазіргі уақытта Масктың байлығы 181 миллиард долларды құрайды.