Францияның Көкшіл жағалауындағы теңізді қоқыстан робот тазалайды

Францияның Көкшіл жағалауындағы теңіз табаны қоқыстан тазартылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір қызығы, бұл іс «Медуза» есімді роботқа жүктелген. Оны жергілікті технологиялық компания қайық түрінде жасаған. Көлемі шап-шағын «Медуза» пластик бөтелкелер, алюминий құтылар, пакеттер мен медициналық бетперделер тұрып қалған қуыстарға дейін кіріп кетеді. Құрылғы су бетіне төгілген мұнай қалдығын да жинайды. Қазір Францияда осындай 15 құрал бар. Шетелге де сатылып жатыр.

Паскаль Сеилье, айлақ басшысы:

- Теңіз айлақтарындағы тазалықшылардың жұмысы жеңілдеді. Енді оларға көмекші пайда болды. Қайықтарды ауыстырып жүрудің де еш қажеті жоқ.