Жаңа Зеландияда әуе шары үйге құлады

Жаңа Зеландиядағы Оңтүстік аралда әуе шары үйге құлады.

Салдарынан кем дегенде 11 адам жарақат алды, деп хабарлады NZ Herald.

Әуе шарасы Эрроутаун ауылының маңында апатқа ұшыраған. Екі адам ауыр жарақат алды, оларды ауруханаға жеткізу үшін тікұшақтар қажет болды, тағы бір адам орташа дәрежеде, ал сегіз адам жеңіл жарақат алды. Олардың барлығы жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.