Австралияда жабайы аң-құсқа арналған травматологиялық емхана ашылды

Австралияда жабайы құстар мен аңдарға арналған травматологиялық емхана ашылды.

Елдегі осындай алғашқы медицина нысаны Перт қаласының маңында орналасқан. Қазірдің өзінде мал дәрігерлері жарақат алып, өлім аузында жатқан ондаған жануарды құтқарды. Бұл емхана адамдарға арналған ауруханадан еш кем емес. Ең жаңа құрал-жабықпен, дезинфекция камерасымен жабдықталған. Жансақтау және оңалту бөлімдері бар.

Мэг Роджерс, аға мал дәрігері:

– Біздің көмегімізге мұқтаж аңдар өте көп. Бірақ оларды емдеп, жазуға арналған оқулықтар атымен жоқ. Сондықтан жан-жақты ізденуімізге тура келеді.