Германияда су тасқынынан 20 адам опат болды

Германияның батыс бөлігіндегі тасқын судан қаза тапқандар саны 20 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы ондаған кісі із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, толассыз жаңбыр салдарынан Эйфель таулы мекенінде өзен арнасынан тасып, елді мекендер су астында қалды. 6 үй құлады. Тағы бірнешеуіне құлау қаупі төнген. Осыған байланысты жергілікті билік төтенше жағдай режимін жариялады.