Германияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 163-ке жетті

Германияның батысындағы жаңбыр мен су тасқынынан қаза тапқандардың саны артып, 163-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24» russian.rt.com сілтеме жасап.

Сондай-ақ қанша адамның жоғалып кеткені белгісіз. Табиғи апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. Тасқын жүрген елді мекеннің бәрі лай-батпақ пен тал-тасқа толған. Тас жолдар мен көпірлер қирап, қатынас қиындаған. Таза су мен электр энергиясы жүйесі істен шығып, телефон байланысы үзілген.