Түркияда 1500-ге жуық заңсыз мигрант ұсталды

Түркияның оңтүстік-шығысында билік 1500-ге жуық заңсыз мигрантты ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ Иран шекарасының жанында жүргізілген арнайы операция аясында адам сатумен айналысқан 11 күдікті қамауға алынды. Келімсектердің көбі Ауғанстан тұрғындары.

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша биылғы жыл басынан бері 250 мыңдай ауған азаматы өз елінің ішінде қоныс аударуға мәжбүр болған. Сарапшылар ресми Кабул мен "Талибан" қозғалысы арасындағы текетірес салдарынан босқындар қатары еселеп артады деп болжайды.

Сондай-ақ...