АҚШ-та қазанның ортасында коронавирус шарықтау шегіне жетуі мүмкін

Солтүстік Каролина Университеті ғалымдарының болжамы осындай.

Олардың топшылауынша, күзде тәуліктік өсім 240 мыңға, ал бір күндегі өлім көрсеткіші 4 мыңға дейін жетуі мүмкін. Өйткені қазір елде вирустың дельта штамы тез тарап барады. Тіркеліп жатқан оқиғалардың 82 процентінде осы мутация анықталады. Жергілікті ақпарат құралдары эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты билік маска тағу тәртібін күшейтуі мүмкін екенін хабарлады. Сондай-ақ міндетті вакциналау мәселесі де қызу талқыланып жатыр.  

Жергілікті тұрғын:

- Мен вакцина қабылдадым. Бертінге дейін оны салдырмайын деп жүрген едім. Алайда ойымды өзгерттім. Өйткені мен медбике болып жұмысқа тұрғым келеді. Ал екпе салдырмасам, өзгелерге көмек көрсете алмаймын.

Сондай-ақ...