Үндістанда қақтығыстан 7 адам қаза тапты

Үндістанның солтүстік-шығысында қақтығыстан 7 адам ажал құшты.

Құрбандардың алтауы – полиция. Тағы 70-тен астам кісі жарақат алған. Жанжал бір апта бұрын Ассам және Мизорам штаттарының тәртіп сақшылары мен тұрғындарының арасында туындаған. Әр аймақ шекара бойындағы аумақты «біздің жеріміз» деп есептейді. Штат басшылары дауға елдің ішкі істер министрінің араласқанын қалап отыр.